Қорғаныш құрылғыны орнату
- Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Нұсқау: Жұмыс кезінде тегістеу шеңбері бұзылса немесе қорғағыш қаптама/электр құрал құрылғылары бұзылса, электр құралды бірден сервис қызметіне жіберу керек, мекенжайларды «Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері» тарауынан қараңыз.
Тегістеуге арналған қорғағыш қаптама
Қорғайтын қаптаманы (6) шпиндель мойыншасына орнатыңыз. Қорғайтын қаптама (6) күйін жұмыс күнінің талаптарына сай етіп қорғайтын қаптаманы (6) бекіту бұрандасымен (7)бұғаттаңыз.
- Қорғағыш қаптаманы (6)оператордың жағына қарай ұшқындардың ұшуы болмайтындай орнатыңыз.
Кесуге арналған қорғағыш қаптама
- Байланысты абразивтер көмегімен кесу үшін әрқашан кесуге арналған қаптаманы пайдаланыңыз (14).
- Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын қамтамасыз етіңіз.
Қорғағыш қаптама (14) сонымен бірге тегістеуге арналған қорғағыш қаптама (6) ретінд де орнатылады.
Бағыттауыштар бар кесуге арналған қорғағыш қаптама
Бағыттауыштары бар кесуге арналған сорғыш қаптаманы (23) монтаждау үшін сорғыш қаптаманың пайдалану бойынша нұсқаулығын қараңыз.
Қосымша тұтқа
- Электр құралыңызды тек қосымша тұтқа менен пайдаланыңыз (3).
Қосымша тұтқаны (3) редукторлық бастың оң жағында немесе сол жағында бұрап бекітіңіз.
Қол қорғағышы
- Резеңкелі ажарлау тәрелкесімен (18) немесе тостаған тәрізді қылшық/дискілі қылшық/желпуіш тәрізді тегістеу шеңберімен жұмыстар үшін әрқашан қол қорғағышын (16) кийіңіз.
Қол қорғағышын (16) қосымша тұтқа (3) көмегімен бекітіңіз.

