Шаңды/жоңқаны сору

Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін.

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз.

Жоңқа шығатын жерді (1) жүйелі түрде тазалаңыз. Бітелген жоңқа шығатын жерді тазалау үшін тиісті құралды пайдаланыңыз, мысалы ағаш, қысылған ауа т.б.

Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін бөлек сорғыш құралын немесе шаң‑/жоңқа қабын пайдаланыңыз.

Жоңқаны шығаруға арналған келте құбырдың екі жағында да сорғыш шлангіні (Ø 35 мм) (18) (керек-жарақ) орнатуға болады.

Сорғыш шлангіні (18) шаңсорғышқа (керек-жарақ) жалғаңыз. Осы нұсқаулықтың соңында әртүрлі шаңсорғыштарға жалғау әдістері көрсетілген.

Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.

Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.

Шағын жұмыстар орындаған кезде шаң/жоңқа жинағыш қапты (19) жалғауға болады. Шаң жинағыштың келте құбырын жоңқа шығатын жерге (1) мықтап салыңыз. Шаң/жоңқа жинағыш қапты (19) дер кезінде босату арқылы шаң сорудың оңтайлы нәтижелерін сақтайсыз.

Ауыстыру иінтірегінің (4) көмегімен жоңқа шығатын жерді (1) оңға немесе солға ауыстырып қосуға болады. Ауыстыру иінтірегін (4) әрдайым ақырғы күйіне тірелгенше басыңыз. Таңдалған жоңқа шығару бағыты ауыстыру иінтірегіндегі (4) көрсеткі белгісі арқылы көрсетіледі.