Жұмыс құралын ауыстыру

Тек тұпнұсқалық HM/TC-жонғы пышағын пайдаланыңыз. Жонғы пышағы қатты металдан (HM/TC) жасалған, 2 жүзі бар, аударылған болуы мүмкін. Егер кесу қырлары өтпейтін болса жонғы пышағын (17) алмастыру қажет. HM/TC-жонғы пышағын қайрау мүмкін емес.

Жонғы пышағын шешу (A суретін қараңыз)

Жонғы пышағын (17) аудару немесе алмастыру үшін пышақ басын (14) жонғы табандығына (10) параллель болғанша айналдырыңыз.

➊ 2 бекіту бұрандасын (16) алты қырлы дөңгбек кілтпен (13) шам. 1−2 айналымға босатыңыз.

➋ Қажет болса қысу элементін (15) ағаш сынасы сияқты сәйкес құралмен жай қағып босатыңыз.

➌ Ағаш құралмен жонғы пышағын (17) пышақ басынан (14) шетке шығарыңыз.

Жонғы пышағын орнату (B суретін қараңыз)

Жонғы пышағын бағыттау ойығы арқылы алмастыру немесе аудару кезінде бірдей биіктік қамтамасыз етіледі.

Қажет болса қысу элементінде (15) пышақ орны мен жонғы пышағын (17) тазалаңыз. Жонғы пышағын орнатуында ол қысу элементінің (15) бекіту бағыттауышында кедергісіз тұруына және артқы жонғы табандығының (10) шеткі қырына бағытталғанына көз жеткізіңіз. Сосын 2 бекіту бұрандасын (16) алты қырлы дөңгелек кілтпен (13) тартыңыз.

Нұсқау: Пайдалану алдында бекіту бұрандаларының бекем тұруын тексеріңіз (16). Пышақ басын (14) қолмен айналдырып жонғы пышағының еш жерде шығып тұрмауына көз жеткізіңіз.