Пайдалануға ендіру

Жоңқалау тереңдігін реттеу

Айналмалы реттегіш (2) керу тереңдігін 0–2,0 мм шамасынан керу тереңдігінің шкаласы (3) бойынша (шкала бөліктері = 0,25 мм) біркелкі реттеуге мүмкіндік береді.

Қосу/өшіру

Электр құралын іске қосу үшін алдымен іске қосылудан қорғайтын құлыпты (6) басып, содан кейін ажыратқышты (7) басып тұрыңыз.

Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (7) жіберіңіз.

Нұсқау: қауіпсіздік тұрғысынан ажыратқышты (7) бекітіп қоюға болмайды, оны жұмыс істеу кезінде тұрақты түрде басып тұру қажет.