Пайдалану нұсқаулары
- Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету, құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі туындайды.
Қажетті жоңқалау тереңдігін реттеп электр құралын жонғы табандығының (10) алғы бөлігімен дайындамаға қарай қойыңыз.
- Электр құралын дайындамаға тек қосулы күйде апарыңыз. Әйтпесе электр құралы дайындамаға ілініп кері соғу қаупі пайда болады.
Электр құралын қосып бір қалыпты ретте өңделетін беттің үстінен жылжытыңыз.
Жоғары сапалы жонуға жету үшін аздап жылжытып жонғы табандығын орташа күшпен басыңыз.
Берік ағаш сияқты қатты материалдарды өңдеу және максималды жонғы енін қолдануда кіші жоңқалау тереңдігін орнатып, жонғыны жылжыту жылдамдығын азайтыңыз.
Шамадан тыс жылдамдықпен жылжыту бет өңдеу сапасын төмендетіп, жоңқа шығатын жерді жылдам бітейді.
Тек өткір жонғы пышақтары дұрыс кесу сапасын қамтамасыз етіп электр құралын сақтайды.
Орнатылған сақтайтын башмак (28) дайындаманың кез келген жайында тоқтаған жонғы әдісін жалғастыруға мүмкіндік береді:
- Электр құралын төменге қисатылған сақтайтын башмакпен дайындаманың қайта өңделетін жайына қойыңыз.
- Электр құралын қосыңыз.
- Алдыңғы жонғы табандығына басып, электр құралын жай алға жылжытыңыз (➊). Сонда сақтайтын башмак жоғарыға қисайтылып (➋), жонғы табандығының артқы бөлігі дайындамаға қайта жатады.
- Электр құралын бір қалыпта өңделетін бет үстімен жылжытыңыз (➌).
Алдыңғы жонғы табандығындағы V тәрізді ойықтар дайындама жиектерінің жүздерін жылдам кесуге мүмкіндік береді. Қажетті саңылау еніне сәйкес V тәрізді ойықты пайдаланыңыз. Ол үшін жонғыны V тәрізді ойығымен дайындама жиегіне қойып, үстінен жылжытыңыз.
| Пайдаланылатын ойық | Өлшемі a (мм) |
ешқандай | 0–2,5 | |
кіші | 1,0–4,5 | |
орташа | 2,0–5,0 | |
үлкен | 2,5–6,0 |
Бағыттайтын планканы (20) немесе бұрыш планкасын (24) бектіткіш бұрандамен (23) электр құралында орнатыңыз. Пайдалануға байланысты ою тереңдігі планкасын (27) бекіткіш бұрандаларымен (26) электр құралында орнатыңыз.
Бекіту сомынын (22) босатып шкала (21) бойынша қажетті ойық енін орнатыңыз. Бекіткіш сомынды (22) қайта бұрап қойыңыз.
Қажетті ойық тереңдігін ою тереңдігі планкасымен (27) сәйкес ретте орнатыңыз.
Жоңқалау әдісін бірнеше рет орындап керекті ою тереңдігіне жетіңіз. Жонғыны қажетті шеткі қысыммен басқарыңыз.

