Пайдалану бойынша нұсқаулар

Соққыштың тозуын азайту үшін бос ату әрекеттерін болдырмаңыз.
Жұмысты аяқтағаннан кейін соққы күшін алдын ала таңдауға арналған айналмалы реттегіште (7) төменірек мәнді орнатып, қыспа серіппе қысымын түсіріңіз.

Степлер тиегін (1) абайлап салыңыз. Жұмсақ дайындамалар (мысалы, қарағай сүрегі) тым қатты басылған жағдайда зақымдалуы мүмкін.

Қысылып қалған жерлерді босату

Кейбір бекіткіш құралдар итергіш каналда қысылып қалуы мүмкін. Бұл жағдай жиі орын алса, өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

  • Электр құралын тегіс бетке қойыңыз.
  • Қорапты босату тетігін (13) басып, қорапты (12) артқа тартып шығарыңыз.
  • Қысылып қалған бекіткіш құралды алып тастаңыз. Ол үшін қажетінше қысқашты пайдаланыңыз.
  • Қорапты (12) тірелгенше кері жылжытыңыз.

Бекіткіш құралды осы жолмен алып тастау мүмкін болмаса, итергіш каналды ашу керек (E1E2 суреттерін қараңыз):

  • Іске қосу құрылғысын жіберіңіз.
  • Аккумуляторды электр құралынан шығарып алыңыз.
  • Қорапты (12) босатыңыз.
  • Қорғаныш қалпақшаны (18) алып тастаңыз.
  • Итергіш каналды ашуға/жабуға арналған бұрандаларды (3) алты қырлы дөңбек кілттің (22) көмегімен босатып, итергіш каналдың қаптамасын (2), итергіш канал ашылатындай етіп жылжыту және көтеру арқылы алып тастаңыз.
  • Қысылып қалған бекіткіш құралды алып тастаңыз. Ол үшін қажетінше қысқашты пайдаланыңыз.
  • Итергіш каналды жабыңыз, ол үшін итергіш каналдың қаптамасын (2) орнатып, электр құралының корпусына тірелгенше толықтай жылжытыңыз.
  • Итергіш каналды ашуға/жабуға арналған бұрандаларды (3) алты қырлы дөңбек кілттің (22) көмегімен қатайтыңыз.
  • Қорғаныш қалпақшаны (18) қайта орнатыңыз.
  • Қорапты (12) қайта толтырыңыз.

Қорғаныш қалпақшаны алмастыру (C суретін қараңыз)

Нұсқау: қорғаныш қалпақшасыз (18) жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.

Қорғаныш қалпақшаны (18) сымды бағыттауыш қалпақшасына (19) ауыстыруға болады.

  • Іске қосу құрылғысын (5) жіберіңіз.
  • Электр құралын өшіріп, аккумуляторды (10) шығарып алыңыз.
  • Қорғаныш қалпақшаны (18) степлер тиегінен (1) тартып алыңыз.
  • Сымды бағыттауыш қалпақшасын (19) степлер тиегіне (1) бекітіңіз.
    Енді электр құралын қайта іске қосуға болады.

Нұсқау: степлермен бекіту әрекетін сымды бағыттауыш қалпақшасымен орындаңыз (D суретін қараңыз).