Жұмыс мысалдары (A-F суреттерін қараңыз)

Жұмыс мысалдарының суреттерін графикалық беттерден таба аласыз.

Саптама мен дайындама арақашықтығы өңделетін материалға (металл, пластмасса және т.б.) және қажетті өңдеу түріне байланысты болады.

Әр жұмыс үшін оңтайлы температураны сынақ тәжірибемен анықтауға болады.

Әрдайым алдымен ауа көлемі мен температура бойынша сынақ өткізіңіз. Үлкен арақашықтықтан және төменгі қуат деңгейінен бастаңыз. Арақашықтық пен қуат деңгейін қажетінше реттеңіз. Қажет болса, бір жерде қатты қызып кетуді болдырмау үшін саптамамен бірге қозғалып жүріңіз.

Егер қай материалды өңдеу қажеттігіне немесе ыстық ауаның материалға түсіретін әсеріне сенімді болмасаңыз, әсерді көрінбейтін жерде тексеріңіз.

"Лак қалдығын шыны беттерден кетіру" әрекетінен басқа барлық жұмыс мысалдарында керек-жарақсыз жұмыс істеуге болады. Алайда ұсынылатын керек-жарақты пайдалану жұмысты жеңілдетіп, нәтиже сапасын айтарлықтай көтереді.

Осы ыстық ауа пистолеті үшін Bosch компаниясында керек-жарақ ретінде қолжетімді болатын, осы пайдалану бойынша нұсқаулықта келтірілген барлық саптамаларды пайдалануға болады.

Жапсырмалар мен затбелгілерді алып тастау үшін саптама қажет емес. Жапсырмалар мен затбелгілерді абайлап қалақпен алып тастаңыз (A суретін қараңыз).

Беттік саптаманы (10) кигізіңіз. Лак қалдығын ыстық ауамен жылдам жұмсартып, таза қалақпен кетіріп алыңыз (D суретін қараңыз). Жоғары температураның ұзақ уақыт бойы әсер етуі лак қалдығын күйдіріп, оны кетіруді қиындатады.

Көптеген желімдер жылу әсерінен жұмсарады. Желім қызған кезде, қосылымдарды ажыратуға немесе артық желімді кетіруге болады.

Шағылдырғыш саптамасын (7) кигізіңіз. Өңделетін бөлшекке сәйкес келетін термошөгімді түтіктің (8) диаметрін таңдаңыз. Теромошөгімді түтіктерді өңделетін бөлшекке тығыз орналасқанша біркелкі қыздырыңыз.

Редукторлық саптаманы (9) орнатыңыз. Ең жоғары қуат деңгейін таңдаңыз. Алдымен грильге арналған көмірдің азғантай мөлшерін тұтандырып, содан кейін тағы көмір қосыңыз.

  • Шыныға арналған қорғаныс саптамасын (11) міндетті түрде пайдаланыңыз. Шынының сыну қаупі бар.

Профильденген беттерде лак қалдығын тиісті қалақпен ажыратып, жұмсақ қылшақпен кетіруге болады.

  • Қыздыру алдында су өткізетін металл құбырының шын мәнінде бар болғанын тексеріңіз. Металл құбырларының сыртқы түрін әдетте газ құбырларынан ажырату мүмкін емес. Газ құбырларын ешқашан қыздыруға болмайды.

Бұрыштық саптаманы (12) кигізіңіз. Мұздатылған жерлерді шығыстан кіріске қарай қыздырған жөн.