Пайдалану нұсқаулары
Нұсқау: саптаманы (1) өңделетін дайындамаға тым қатты жақындатпаңыз. Пайда болатын ауа қысымы ыстық ауа пистолетінің қатты қызуына әкелуі мүмкін.
Аккумулятор/энергия шығыны
Жылудың шығарылуы жоғары энергия шығынымен байланысты. Температура неғұрлым жоғары болса (Boost деңгейі), энергия шығыны соғұрлым жоғары және аккумулятор заряды соғұрлым жылдам таусылады. Қолданыстардың көбісі Boost деңгейін қажет етпейді.
Қолданыс мысалдары | Стандартты деңгей | Boost деңгейі |
|---|---|---|
Кабельдерді қысқарту | x | – |
Затбелгілерді/жапсырмаларды алып тастау | x | – |
Лак қалдығын кетіру | x | x |
Грильге арналған көмірді тұтандыру | – | x |
Ыстық ауа пистолеті қысқа мерзімді қолданыстар үшін жарамды. Жоғары энергия шығынына байланысты ол ұзақ уақыт пайдалану үшін жарамайды (мысалы, көлемді беттерді лакпен бояу).
Нұсқау: ұзақ мерзімді қолданыстар үшін бірнеше аккумулятор қажет және минималды сыйымдылығы 4 А-сағ немесе одан үлкен болуы ұсынылады.
Толық қуатқа, яғни максималды температура мен жоғары ауа ағынына тек минималды сыйымдылығы 4 А-сағ немесе одан жоғары болатын аккумуляторлармен қол жеткізуге болады.