Қорғаныш аспапты орнату

Нұсқау: Жұмыс кезінде тегістеу шеңбері бұзылса немесе қорғағыш қаптама/электр құрал құрылғылары бұзылса, электр құралды бірден сервис қызметіне жіберу керек, мекенжайларды «Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері» тарауынан қараңыз.

Нұсқау: электр құралын ажарлау мақсатында пайдаланбас бұрын монтаждалған кесуге арналған қаптаманы (7) бөлшектеңіз (B суретін қараңыз).

Қорғаныш қаптаманы (6), оның кодтау жұдырықшалары электр құралындағы бекіткішпен бір деңгейде болғанша, бекіткішке орналастырыңыз. Бұл ретте құлыптан босату иінтірегін (1) басып тұрыңыз.
Шпиндель мойнындағы қорғаныш қаптаманы (6), қорғаныш қаптманың белдемесі электр құралының фланеціне қондырылғанша итеріңіз және қорғаныш қаптаманы, ол шерту дыбысымен анық тірелгенше бұраңыз.
Қорғаныш қаптаманың (6) күйін жұмыс барысының талаптарына сай бейімдеңіз. Ол үшін құлыптан босату иінтірегін (1) жоғары итеріп, қорғаныш қаптаманы (6) қажетті күйге бұраңыз.

  • Қорғаныш қаптаманы (6) әрдайым, құлыптан босату иінтірегінің (1) екі жұдырықшасы қорғаныш қаптаманың (6) тиісті ойықтарына кіретіндей, реттеңіз.
  • Қорғағыш қаптаманы (6) оператордың жағына қарай ұшқындардың ұшуы болмайтындай орнатыңыз.
  • Керек-жарақтың айналу бағытында қорғаныш қаптаманы (6) тек құлыптан босату иінтірегін (1) пайдалану арқылы бұрауға болады! Әйтпесе электр құралды пайдалану мүмкін емес және сервистік қызметке тапсыру керек.

Нұсқау: қорғаныш қаптамадағы (6) кодтау жұдырықшалары тек электр құралына жарамды қорғаныш қаптаманың монтаждалуын қамтамасыз етеді.

  • Кесу үшін әрдайым мыналарды пайдаланыңыз: кесуге арналған қорғаныш қаптаманы (5) немесе ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы (6) кесуге арналған қаптамамен (7).
  • Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын қамтамасыз етіңіз.

Кесуге арналған қорғаныш қаптама (5) ажарлауға арналған қорғаныш қаптама (6) сияқты монтаждалады.

Пластиктен жасалған кесуге арналған қаптама

Пластиктен жасалған кесуге арналған жабынды (7) ажарлауға арналған қорғаныш қаптамаға (6) орнатыңыз (A суретін қараңыз). Жабын (7) қорғаныш қаптамада (6) шерту дыбысымен және көрінетіндей тіреледі.
Бөлшектеу үшін (B суретін қараңыз) қорғаныш қаптамадағы (6) (➊) жабынды (7) сол немесе оң жаққа босатып, жабынды тартып шығарыңыз (➋).

Бағыттауыштары бар кесуге арналған сорғыш қаптама (21) ажарлауға арналған қорғаныш қаптамамен бірдей монтаждалады.

Қосымша тұтқаны (4) сорғы қаптамадағы қапсырма арқылы редуктор корпусынан өткізе бекітіп, электр құралы сорғыш қаптамамен берік байланыстырылады. Бағыттауыштары бар сорғыш қаптамаға (21) арнайы Bosch шаңсорғышын жалғауға болады. Ол үшін сору адаптері бар сорғыш шлангіні сорғыш қаптаманың арнайы бекіткіш тіректеріне енгізіңіз.

Нұсқау: сору кезінде сорғыш шлангіде және керек-жарақта шаңнан пайда болатын үйкеліс электрстатикалық зарядты тудырады. Пайдаланушы оны статикалық разряд ретінде сезуі мүмкін (қоршаған орта факторларына және өзінің дене қалпына байланысты). Bosch компаниясы ұсақ шаң мен құрғақ материалдарды сору үшін әдетте антистатикалық сорғыш шлангіні (керек-жарақ) пайдалануға кеңес береді.

  • Резеңке ажарлау тәрелкесімен (17) немесе тостаған тәрізді қылшақпен (20) жұмыс істеу үшін әрдайым қол қорғанысын монтаждаңыз (16).

Қол қорғанысын (16) қосымша тұтқамен (4) бірге бекітіңіз.

Қосымша тұтқаны (4) жұмыс әдісіне қарай редукторлық бастиектің оң жағында немесе сол жағында бұрап бекітіңіз.

  • Электр құралын тек қосымша тұтқамен (4) бірге пайдаланыңыз.
  • Қосымша тұтқа (4) зақымдалған болса, электр құралын әрі қарай пайдаланбаңыз. Қосымша тұтқаға (4) ешқандай өзгерістер енгізбеңіз.