Ажарлауыш құралдарын орнату

Тегістеу шпинделін (15) және барлық орнатылатын құралдарды тазалаңыз.

Абразивті құралды бұрап алу және бекіту үшін шпиндельді бекіту түймесін (2) басып, шпиндельді бекітіңіз.

Ажарлағыш/кескіш диск

Ажарлау құралдарының өлшемдерін ескеріңіз. Саңылау диаметрі тірек фланеціне сәйкес келуі керек. Адаптерлерді немесе жалғастырғыш тетіктерді пайдаланбаңыз.

Алмасты кескіш дискілерді пайдаланғанда, алмасты кескіш дискідегі айналу бағытының көрсеткісі электр құралындағы айналу бағытына сәйкес болуын қадағалаңыз (редуктор бастиегіндегі көрсеткіні қараңыз).

Орнату реттілігі графикалық бетте көрсетілген.

Ажарлағыш/кескіш дискіні бекіту үшін қысқыш гайканы (12) орнатыңыз және екі саңылаулы гайка кілтімен бұрап бекітіңіз.