Пайдалану бойынша нұсқаулар
- Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету, құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі туындайды.
- Электр құралын жерге қоюдан алдын оның тоқтауын күтіңіз.
- Электр құралы тұрақты пайдалануға арналмаған. Оны, мысалы, қысқыш немесе верстакке бекіту мүмкін емес.
Электр құралын қосып толық ажарлау бетін өңделетін жерге қойып күшпен қатты басып дайындама үстінен жылжытыңыз.
Көшіру деңгейі және ажарланған бет сапасы таңдалған ажарлағыш төсем, алдын ала таңдалған тербелістер саны (тек UniversalOrbit 18V-20 үлгісінде) және басу қысымы арқылы реттеледі.
Тек мінсіз тегістеу дискімен ғана дұрыс тегістеуге, сол арқылы электр құралын сақтауға болады.
Ажарлау дискінің қызмет мерзімін ұзарту үшін бірқалыпты басуға талпыныңыз.
Шамадан артық басу күші жоғары ажарлау қуатын қамтамасыз етпей, электр құралының тым қатты тозуына және ажарлағыш пластинаның мерзімінен бұрын істен шығуына әкеледі.
Металл өңдеген тегістеу дискін басқа материалдар үшін пайдаланбаңыз.
Тек түпнұсқа Bosch ажарлағыш керек-жарақтарын пайдаланыңыз.
Майда түйіршіктілік тегістеу дискісін орнатыңыз.
Басу қаттылығын немесе тербелу санын аз өзгертіп тегістеу тәрелкесінің тербелу санын төмендету мүмкін, онда экцентрикті әрекет өзгермейді.
Электр құралды аз қысыммен, бетке параллель немесе ішінара көлденең және тік бағытта дайындамаға қарай жылжытыңыз. Шере сияқты өңделетін даындаманы қатты тегістемеу үшін электр құралын қисатпаңыз.
Жұмыс әдісін аяқтағанан соң электр құралын өшіріңіз.
Жел қаққан лактарды немесе қырылған жерлерді жылтырату (мысалы, акрилдік шыны) үшін электр құралын тиісті қозы жүніне жасалған өқап, жылырату киізі немесе губкасы (жабдықтар) сияқты жылтырату саймандарымен жабдықтау мүмкін.
Беттің қатты қызуына жол бермеу үшін жылтырату кезінде аз тербелу санын (1–4 қадамдары) таңдаңыз.
Политураны жылтыратылатын аймақтан кішірек етіп жағыңыз. Жылтырату затын сәйкес жылтырату құралымен крест тәрізінде немесе айнала тәрізінде және қатты басып өңдеңіз.
Жылтырату заты бетте қатуы мүмкін емес, әйтпесе бет зақымдануы мүмкін. Жылтырату аймағын тікелей күн сәулелеріне қаратпаңыз.
Жақсы жылтырату нәтижелерін қамтамасыз ету үшін жылтырату аспаптарын жүйелік түрде тазалап тұрыңыз. Жылтырату саймандарын жұмсақ жуғыш затпен немесе жылы сумен тазалаңыз, сұйылтқыш пайдаланбаңыз.
Төмендегі кестеде ұсынылған көлемдер берілген.
Өңдеу үшін қолайлы комбинация, тәжірибе жүзінде пайдалану арқылы айқындалады.
Пайдалану | Түйіршілік | Тербелу саны басқышы |
|---|---|---|
Лакты өңдеу | 180/240 | 2/3 |
Лакты дұрыстау | 120/240 | 4/5 |
Лакты жою | 40/60 | 5 |
Жұмсақ ағаш | 40/240 | 5/6 |
Қатты ағаш | 60/240 | 5/6 |
Фанера | 180/240 | 2–4 |
алюминий | 80/240 | 4/5 |
болат | 40/240 | 5 |
Болат тотын жою | 40/120 | 6 |
Тотсыз болат | 80/240 | 5 |
Тас | 80/240 | 5/6 |