Аккумуляторлық фонарьлар үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.
- Аккумуляторлық шамды ұқыпты пайдаланыңыз. Аккумуляторлық шам қатты жылу шығарады және қоршаған ортадан салқын ауа қажет етеді. Үстінен жабылған аккумуляторлық шам тұтануы немесе басқа заттарды тұтандыруы мүмкін. Нәтижесінде өрт орын алады.
- Аккумуляторды тасымалдау және сақтау үшін аккумуляторлық шамнан шығарып алыңыз. Жарық ауыстырып-қосқышы қате қолданылған жағдайда, қатты қызу және өрт қаупі туындайды.

Аккумуляторлық шамдың барлық жарықтанған беттер мен заттарға дейін минималдық аралықты сақтаңыз. Аралық жетілмесе жарықтанған заттар қызып кетуі мүмкін.
| НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Шам сәулесіне ұзақ уақыт бойы қарамаңыз. Оптикалық сәулелену көзге зиян тигізуі мүмкін. |
- Жарық ағынын адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз. Жарық ағыны көру мүмкіндігіне кедергі келтіріп, көзге зақым келтіруі мүмкін.
- Аккумуляторлық шам автоматты түрде өшкеннен кейін, жарық ауыстырып-қосқышын әрі қарай баспаңыз. Аккумулятор зақымдалуы мүмкін. Аккумуляторлық шамды қайта қоспас бұрын аккумулятордың зарядталғанына және аккумуляторлық шамның суығанына көз жеткізіңіз.
- Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
- Аккумулятор дұрыс пайдаланылмаған немесе зақымдалған жағдайда, аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ теріге тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық көзге тисе, медициналық көмек алыңыз. Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе күйдіруі мүмкін.
- Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
- Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.
- Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі бар.
| Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды. |
- Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз. Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін пайдалану өрт қаупін тудырады.
- Аккумуляторды тек өндірушінің немесе POWER FOR ALL жүйелерінің өнімдері үшін пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
| Аккумуляторлық шамды имплантаттардың және кардиостимулятор немесе инсулин сорғысы сияқты басқа да медициналық құрылғылардың жанына қоймаңыз. Аккумуляторлық шамның магниті имплантаттардың және медициналық құрылғылардың жұмысына әсер ететін өріс тудырады. |
- Аккумуляторлық шамды магниттік дерек тасығыштар мен магнитке сезімтал құрылғылардан алшақ ұстаңыз. Магнит әсері деректердің біржолата жойылуына әкелуі мүмкін.
- Аккумуляторлық шамды бекіткіш магниттердің көмегімен бастан жоғары көтермеңіз. Құрылғыны түсіргенде, жарақаттану қаупі туындайды.
- Бекіткіш магнит аккумуляторлық шамды үздіксіз көтере алатындығын тексеріңіз. Құрылғыны түсіргенде, жарақаттану қаупі туындайды.
- Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
- Балалардың аккумуляторлық шамды пайдалануына жол бермеңіз. Балалар өздерінің немесе адамдардың көзін кездейсоқ шағылыстыруы мүмкін.


