Пайдалану нұсқаулары
Акккумуляторлық шамды тұтқасынан/тірегінен (2) ұстап тасымалдаңыз.
Шам бастиегі (1) жұмыс кезінде қызып кетеді. Акккумуляторлық шамды туралау немесе тасымалдау алдында суытыңыз.
Қосулы акккумуляторлық шамды бақылаусыз қалдырмаңыз.
Акккумуляторлық шам аккумулятор зарядының таусылуына байланысты өшпес бұрын 3 рет жыпылықтайды.
Аккумуляторлық шамды бекіту
Ілгектің (7) және магниттердің (6) көмегімен акккумуляторлық шамды арнайы затқа бекітуге болады.
Әркез тіректің тұрақтылығын және жылуға сезімтал және тұтанғыш заттардан жеткілікті арақашықтықтың болғанын тексеріңіз.
Сезімтал беттерге сызат түсіруге жол бермеңіз..
Сыртқы USB құрылғыларын зарядтау (B суретін қараңыз)
- Сыртқы USB құрылғыңыз аккумуляторлық шамның USB Type-C® жалғағышы арқылы зарядтауға қолдау көрсететінін тексеріңіз. "Техникалық мәліметтер" тарауындағы мәліметтерді ескеріңіз.
USB құрылғыңыздың зарядтағыш кабелін USB Type-C® шығысына (9) жалғаңыз. Зарядтау процесін бастау үшін аккумуляторлық шамның USB түймесін (3) басыңыз.
Заряды толық аккумулятор анықталғаннан кейін, зарядтау процесі аяқталады. Сыртқы USB құрылғысы аккумуляторының зарядын үнемдеу үшін зарядтағыш кабельді USB Type-C® шығысынан (9) ажыратыңыз.