Аккумуляторды зарядтау

Ескертпе: Литий-ионды батареялар халықаралық тасымалдау ережелеріне сәйкес ішінара зарядталған күйде жеткізіледі.Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз.

  • Электр құралын USB кабелі арқылы штепсельдік қуат блогына жалғаңыз.
  • Штепсельдік қуат блогын розеткаға енгізіңіз.

Зарядтау процесі басталады. Аккумулятор зарядының индикаторы жасыл түспен жанып тұрады. Аккумулятор толық зарядталған болса, аккумулятор зарядының индикаторы сөнеді.

Ұзақ уақыт пайдаланбай тұрғанда электр құралын ток көзінен ажыратыңыз.

Электр құралын зарядтау процесінің барысында пайдалануға болмайды.

Зарядтау процесінің барысында электр құралының тұтқасы қызып кетеді. Бұл қалыпты жағдай болып табылады.

Ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, зарядтағыш құрылғыны ток желісінен ажыратыңыз.

Электр құралын зарядтау кезінде пайдалануға болмайды және ол зарядтау кезінде жұмыс істемесе бұзылған болып табылмайды.