Электр құралындағы аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы

Электр құралындағы аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы, ажыратқыш жартылай немесе толық басылғанда, бірнеше секунд ішінде аккумулятор зарядының деңгейін көрсетеді.

Жарық диоды

Заряд деңгейі

Үздіксіз жарық 3 × жасыл

≈ 75–100%

Үздіксіз жарық 2 × жасыл

≈ 40–75%

Үздіксіз жарық 1 × жасыл

≈ 15–40%

Баяу жыпылықтау 1 × жасыл

≈ 0–15%

Артық жүктемеден қорғаныс іске қосылғанда, заряд деңгейі индикаторының 3 жарық диоды жылдам жыпылықтайды. Егер тек ортаңғы жарық диоды жылдам жыпылықтаса, бұл аккумулятордың немесе электр құралының температурасы жұмыс диапазонынан тыс болғанын білдіреді. Аккумулятор мен электр құралын суытыңыз.